Scarlett SC-149 Bedienungsanleitung Seite 20

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 22
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 19
IM010
www.scarlett.ru SC-149
20
Сүйек, жаңғақ, зімбір сияқты қатты азықты өңдуге
еттартқышпен пайдаланбаңыз
Қозғалтқышты қызудан қорғау жүйесі іске
қосылса, аспап толық суынбағанша оны
пайдаланбаңыз.
Үзіліссіз жұмыс істеуінің максималды уақыты
міндетті түрде 10минут үзілісі болғанда 10
минуттан аспауы тиіс.
Аспапты бөлшектеу алдында оның сөндірілгенін,
электр желісінен ағытылғанын және қозғалтқышы
толық тоқталғанын анықтаңыз.
Аспапты азықпен тым толтырмаңыз.
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен
температурада тұрса, іске қосар алдында оны
кем дегенде 2 сағат бөлме температурасында
ұстау керек.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс
өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі
әсер етпейтін болмашы өзгерістерді оның
құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу
құқығын өзінде қалдырады.
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Азықпен шектесетін ет тартқыш бөлімдерін,
(тұлғадан басқа) жуу құралдармен жылы суда
жуыңыз.
Аспапты электр жүйесіне қосар алдында оның
сөндірілгенін анықтаңыз.
ЖҰМЫС
ҚҰРАСТЫРУ (сурет 1-7)
Шнекті ұзын ұшымен блокка орнатыңыз да ол
орнына түспегенше айналдыра беріңіз.
Шнекке пышақты орнатып, кейін торлардың
біреуін пышақтың кесу қырын келтірумен
еттартқыш блогі корпусының ойықтарына
келтіріңіз, әйтпесе ет тартылмауы мүмкін.
Сақиналы сомынды тартыңыз (тым асырмай
тартыңыз).
Ет тартқыштың блогын қаптамадағы ұяшаға
кірістіріңіз, сағат тілінің бағытымен сәл бұраңыз
да, қатты басыңыз, содан соң бекіткіш сырт
еткенге дейін кері бұраңыз.
Азыққа арналған науаны еттартқыш блогына
орнатыңыз.
Еттартқышты тегіс жазықтыққа орнатыңыз.
Сол жақ пен оң жақ панельдегі ауа тесікшелерін
бітемеңіз.
ЕТТІ ӨҢДЕУ
Ет салатын ұңғыдан оңай өтетіндей етіп, етті
кесектеп тураңыз.
Ет тартқышты злектр желісіне қосыңыз да,
жылдамдықты ажыратып-қосқышты (2) Ι қалпына,
ал қосқышты (1) On қалпына қою арқылы оны іске
қосыңыз.
Етті науаға салыңыз да, ет тартқышқа аз-аздан
келсаппен беріп отырыңыз.
Жұмысты аяқтағаннан кейін ет тартқышты
өшіріңіз де, электр желісінен ажыратыңыз.
КУББЕНІ ДАЙЫНДАУ (8-10 сур.)
Куббе бұл дәстүрлі таяу шығыс тағамы. Оны
әдеттегідей біркелкі фаршқа тартып, қойдың
етінен және бидай жармасынан дайындайды.
Фарштан түтік жасап, оны специялар қосылған
фаршпен толтырады және майға қурады.
Ертерек дайындалған фаршты куббені
дайындауға арналған саптама арқылы өткізіңіз.
Дайын болып шыққан түтікті керек ұзындықтарға
кесіңіз.
Түтіктерді толтырғыштармен толтырыңыз және
шеттерін жапсырыңыз.
Куббені майға қуырыңыз.
ҮЙ ШҰЖЫҒЫН ДАЙЫНДАУ (11 сур.)
Шұжыққа арналған қабыршақты жылы суда 10
минуттай ұстаңыз, содан соң шұжықты
дайындауға арналған саптамаға дымқыл
қабыршықты кигізіңіз.
Ұсатылған етті жаймаға салыңыз. Итергішпен
тамақшаға етті итеріп, қабыршақты толтырыңыз.
Егер қабыршақ саптамаға жабысып қалса, оны
сумен сулаңыз.
ҮККІШ ПЕН МАЙДАЛАП ТУРАУҒА АРНАЛҒАН
ҚОНДЫРМАЛАР (12-14 сур.)
Осы қондырмалар көкөніс пен жеміс-жидектерді
майдалап турау үшін пайдаланылады.
Корпустағы үккіш пен майдалап турауға арналған
ет салатын ұңғыны салыңыз. Сағат бағытына кері
бұрып, бекітіңіз.
Үш қондырманың біреуін ет салатын ұңғының
барабанына орналастырыңыз.
Көкөністерді үккіш пен майдалап турауға
арналған ет тартқышпен ет салатын ұңғыға
салыңыз.
РЕВЕРС
Егер ет тартқыш бітеліп қалса, оны өшіріңіз де,
электр желісінен ажыратпастан, жылдамдықты
ажыратып-қосқышты (2) ΙΙ қалпына, ал қосқышты
(1) R қалпына қойыңыз.
Бұрама кері бағытта айнала бастайды да,
кептеліп қалған өнімді итеріп шығарады.
Егер мұның көмегі болмаса, ет тартқышты электр
желісінен ажыратыңыз да, бөлшектеп, тазалаңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
БӨЛШЕКТЕУ
Қозғалтқыштың толық тоқталғанын анықтап,
еттартқышты сөндіріңіз.
Аспапты электр жүйесінен ағытып тастаңыз.
Бөлшектеуді керісінше тәртіпте орындаңыз (сурет
1-5).
Бөлшектеуді жеңілдету үшін сақиналы
сомындардың арнайы ойықтар арналған.
ТАЗАЛАУ
Азық қалдықтарынан тазалаңыз.
Азықпен шектескендер бөлшектерді жуу
құралдармен жылы суда жуыңыз.
Абразивті және хлор бар заттарды немесе
органикалық ерітінділерді пайдаланбаңыз.
Электр қозғалтқыш корпусын суға түсірмеңіз. Оны
ылғалды сүлгімен сүртіңіз.
Еттартқыштың металл бөлшектерін ыдыс
жуғыш машинада жууға тыйым салынады!
Еттартқыштың металл бөлшектерін жуу үшін
температурасы 50
-тан жоғары ыстық суды
қолданбаңыз, себебі бұл олардың тотығуын
тездетеді.
Жуып болғаннан кейін металл бөлшектерін
құрғақ шүберекпен сүртіңіз.
Егер еттартқыш ұзақ уақыт бойы
пайдаланылмайтын болса, оның барлық
металл бөлшектерін өсімдік майына
шыланған шүберекпен сүртіңіз.
Таза және кептірілген пышақ пен торларды
өсімдік майымен сіңдірілген сүлгімен сүртіңіз.
Seitenansicht 19
1 2 ... 15 16 17 18 19 20 21 22

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare